Алматыда соғыс ардагерлеріне қанша теңгеден беріледі?

Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Жеңіс күні қанша алатыны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Оның айтуынша, қалада 58 ардагер тұрады.

9 мамыр — баршамыз үшін қасиетті мереке. Иә, өкінішке қарай, жыл өткен сайын батырларымыз азайып барады. Кейінгі мәлімет бойынша Алматыда 58 ардагер тұрады. Олардың бәрі мерекелерін аман-есен қарсы алып, мерекені тойлауын қалаймын. Көмекке келетін болсақ, қаражат қарастырылған, біз Ұлы Отан соғысының әр ардагеріне бір миллион теңгеден төлеуді жоспарлағанбыз. Ертең мәслихаттың отырысы болады, мен депутаттарға 1,5 миллион теңге төлеу үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым.

Сонымен қатар әкім ауған жауынгерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және т.б. материалдық көмек берілетінін айтты.

9 мамырда дәстүр бойынша 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа гүл шоқтары қойылып, мерекелік концерт өтеді. Қаланың барлық ауданында ардагерлерімізге құрмет көрсетіледі. Мерекеге жеке қатыса алмайтын ардагерлерге ерекше көңіл бөлеміз, аудан әкімдері және мен бәрін аралап, жеке құттықтаймыз, — деді Ерболат Досаев.