«Қайрат» клубы 1 миллион еуроға футболшы сатып алды

Чума Анене осыған дейін Ресейдің «Амкар» клубында ойнаған еді. Онда 24 ойынға қатысып, екі рет қарсыласының қақпасына гол салған.

«Амкар» клубының директоры Денис Маслов қазақстандық жаттықтырушылардың шабуылшы таңдағанда қателеспегендерін айтады.

«Чума Анененің Қазақстан чемпионатындағы жарқын ойыншылардың бірі ғана емес, сонымен қатар «Қайраттың» еурокубоктық ойындарына да септігін тигізетініне сенімдімін», – деді ол.

Айта кетейік, 23 жастағы Анене Норвегияда туған. Кәсіби мансабы 2011 жылы басталған. Өз елінде «Волеренгу», «Улл/Кису» және «Стабек» клубтарында ойнаса, Македонияда «Работнички» ұжымының намысын қорғаған.

ДереккөзEgemen.kz