Павлодарлық балалар  «Кел, балалар, оқылық» жобасының арқасында нағыз жұлдыздарға айналды. Jusan қолдауымен және режиссер Қуаныш Бейсектің жетекшілігімен олар операторлық, режиссерлік шеберлікті меңгеріп қана қоймай, бірегей туындылар жасап шығады. Жобаның үшінші шығарылымында балалар «Ирина Қайратовна» тобындағы Алдияр мен Hey Monro-ның «Кҩңіл» деген әніне бейнебаян түсірді. Жобаның кезекті маусымы қалай өткенін Қуаныш Бейсек айтып берді.

Режиссердың айтуынша, «Кел, балалар, оқылық» жобасының үшінші маусымына 70 оқушы қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінен суретке икемі бар 20 қатысушы іріктеліп алынған. Себебі бұл жолғы клип ерекше – анимация стилінде.

бала Алдияр Ирина Кайратовна
Фото: Jusan баспасөз қызметі

“Кел, балалар, оқылық” жобасының басты мақсаты – Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі дарынды балаларды түрлі заманауи мамандықпен таныстырып, олардың өз потенциалын ашуына себепкер болу. Жобада оқушылар кардрлап анимациялаудың негізгі тақырыптарын ғана емес, сюжет құруды, сценарий жазуды, режиссерлікті үйренді. Осылайша, кадрлап анимациялаудың негізін екі апта ішінде меңгерген балалар белгілі өнерпаздар Hey Monro мен Алдиярдың “Көңіл” деген әніне анимациялық бейнебаян түсірді. Бұл бейнеклип 1 мамыр – Бейбітшілік пен достық күніне қазақстандықтарға тарту болды, — дейді Қуаныш Бейсек.

Режиисердың айтуынша, жоба ұйымдастырушылары шеберлік сағаты қызық болуы үшін  балаларды киноға, сырғанаққа, боулиңгіге апарып, оларға ұмытылмас естеліктер сыйлауға тырысқан.

Жобаның түсірілім тобы екі апта бойы оқушылармен тығыз байланыс орнатып, оларға ментал тұрғыда да көмектесуге тырысты. Оларды тек бір бөлмеге отырғызып қойып сабақ өткіміз келмеді. Арасында сергіп, жақсы уақыт өткізуі үшін боулиңгіге, киноға, сырғанаққа апардық, әртүрлі ойын ойнадық. Оған қоса түсірілім тобы өздерінің жеке тәжірибесін бөлісіп, оқушылардың өздеріне деген сенімін арттырды, — дейді ол.

бала дала қыс
Фото: Jusan баспасөз қызметі

Қуаныш Бейсек жобаның тек Павлодарға емес, еліміздің барлық өңіріне пайдасы көп болатынына сенімді. Сонымен қатар ол «Кел, балалар, оқылық» сынды жобаларды бастауды ойлап жүргендерге өз кеңесін айтып кетті.

Жобаның әрбір маусымына қатысқан баланы құнарлы жерге егілген дәнмен теңеуге болады. Ол дән болашақта Қазақстанның режиссура саласына үлесін тигізер жемісі бар терекке айналады. Мұндай балалар өз кезегінде, тек өңір үшін емес, бүкіл қазақ халқының мәдениетінің дамуына ықпал етеді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, білім беруге бағытталған жобаны қолға алғыңыз келсе, өзіңізбен бір толқындағы адамдармен жұмылыңыздар. Мәселен, «Кел, балалар, оқылық» жобасын жүзеге асыруда бізге Jusan көп қолдау көрсетті. Банк өкілдері бұл жоба жайлы естігенде бірден қызығып, оны іске асыруға қуана келісті, — деп қосты режиссер.

бала ноутбук
Фото: Jusan баспасөз қызметі

Оған қоса жоба ұйымдастырушысы Павлодар қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия-интернатына жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.

Жоба барысы мен балалардың алған әсерін видеодан тамашалай аласыздар.

 

Айта кетейік, «Кел, балалар, оқылық» жобасы осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Jusan қолдауымен өтіп жатқан жоба алғаш рет Алматы облысы Жалаңаш ауылында ұйымдастырылса, екінші маусым Тараз қаласында өткен еді. Балалар алғашқы жолы Еңлікке, екінші жоба барысында Zheka-ға бейнебаян түсіруге атсалысқан.