Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг Мәулен Әшімбаевпен кездесті

Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг Мәулен Әшімбаевпен кездесті.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Рае Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономика орталығының төрағасы, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг Aстана Hub қызметін қолдау агенттігінің ұйымдастыруымен өткен «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: тыңда, түсін, әрекет ет» атты ғылыми-практикалық конференцияға құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Жиын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен ұйымдастырылған.

Мәулен Әшімбаев

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесіп, онда Қазақстандағы «Жасыл экономика» мәселелерін талқылаған.

Кездесу соңында профессор Чунг 2023 жылғы 8-9 маусымда Астана қаласында өтетін Астана форумына шақырылды.