Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан экс-полиция генералы ұсталды.