Басты бетЖаңалықтарЭкс-полиция генералы...

Экс-полиция генералы Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты.

Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атпадым. Сот алдындағы процестерде жасаған әрекеттерімнің барлығы заңды екенін айтқанмын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленушілердің өздері оны жоққа шығарды, — деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.

Сот сағат 15:00-ге ауыстырылды.

Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан экс-полиция генералы ұсталды.