WBC белбеуіне Қазақстанның туы мен Геннадий Головкиннің суреті салынады

WBC белбеуінде бокс тарихындағы ең үздік әрі ең мықтылар бейнеленіп келеді. Олардың қатарында Мұхаммед Али, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Рэй Леонард, Роберто Дюран, Хулио Сезар Чавес, Ларри Холмс, Виталий Кличко, Марвин Хаглер, Томми Хернс, Оскар де Ла Хойя және Флойд Мэйвезер бар.

Ендігіде, өз халқының абыройын асқақтатқан Геннадий Головкинге құрмет ретінде еліміздің жалауымен бірге оның бейнесі әлем мықтыларының белбеуінде көрініс табатын болады.

Еске сала кетейік, 18 наурыз күні Геннадий Головкин өз титулын қорғау үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады.

Айқас Нью-Йорктің Мэдисон Сквер Гарден аренасында өтеді.

Жекпе-жек қазақстандық телеарналардан 19 наурыз күні таңертеңгі сағат 08.00-де тікелей эфирден көрсетіледі.

ДереккөзInform.kz