Әншінің өзі инстаграм парақшасы арқылы бүгін қандай туындыны орындайтынын айтты.
«Бүгін Хан Хонгтың “Тин Ляңлы” әнін шырқаймын! Денсаулығыма көңіл бөліп жатқан баршаға раxмет! Қазір жағдайым жақсарып келе жатыр. Жанкүйерлерімнен қатты уайымдамауларыңызды сұраймын! Баршаңызды жақсы көремін! Кешке Hunan Tv арнасында 22:05-те (Бейжің уақытымен) 20:05-те (Астана уақытымен) 21:05-те (Ақтөбе уақытымен) кездескенше!» – дейді ол.
Қытай БАҚ-тарында «Димаш феномені» деген термин пайда болды. Әнші жылдың соңына дейін жеке альбомын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық музыка мамандары оны «Тәңір назарына алған әнші» деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар «Димаш» және «Қазақстан» Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

10 Пікір