Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі харассменттен қорғау саясатын бекіту туралы бұйрық шығарды.
Мемлекет басшысы қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы бірқатар міндеттерді тапсырғаны белгілі.
Осыған орай жауапты ведомство ретінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірқатар жүйелі жұмысты қолға алып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жұмыскерлері арасында харассменттің алдын алу және болғызбау мақсатында бұйрық шығарды.