«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстандағы 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, қара теңіз аймақтарынан келетін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Тек Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел күшейеді, батыста, солтүстікте, орталықта – найзағай, шығыста – тұман түседі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанып отыр.
Астанада жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.
Көкшетауда жел оңтүстік-шығыстан, кейде оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысында түнде солтүстікте және шығыста оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Күндіз облыстың барлық ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, оңтүстікте кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда облысының солтүстік бөлігінде түнде найзағай болады.
Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыс орталығында шаңды дауылды жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының шығысында және оңтүстігінде күндіз батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстік және шығыс бөлігінде күндіз найзағай ойнайды, жел солтүстік-батыс және батыс бағытқа ауысады.
Ақтөбеде күндіз найзағай болжанып отыр. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз — найзағай. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады.
Ақмола облысында солтүстікте, батыста және оңтүстікте оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Найзағай болуы мүмкін.