Қазақстан шекарасындағы кейбір өткізу бекеттері әлі күнге дейін екі ғана жолақпен жұмыс істеп тұр.
Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов сенат кулуарында мәлімдеді.
Кейбір өткізу бекеттерінде екі жолақ қана жұмыс істейді – Қазақстанға кіретін бір жолақ, Қазақстаннан шығатын бір жолақ қана бар. Ал стандарт бойынша ары бес жолақ, бері бес жолақ болуы керек. Проблеманың бәрі осында. Қазіргі таңда өткізу бекеттері кеңейтіліп жатыр. Сыртқы шекарадағы өткізу бекеттері қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретінде. Ішкі шекарадағы өткізу бекеттеріне біз жауап береміз. Биыл жоспар бойынша 33 бекет кеңейтіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жобалық-сметалық құжаттамсын өткізіп жатыр, — деді Ерлан Алдажұманов.
