Жалған құжатпен шекарадан өтпек болғандарға қатысты 99 дерек анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі биыл шетелдің (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей) және Қазақстан азаматтарының жалған және өзгенің құжатын қолдануының 99 фактісін анықтады.

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Шекаралық аймақта 4 238 шекара режимін бұзушы ұсталды, 1,9 миллиард теңгеге жақын сомадағы валюта, алтын және басқа тауарлардың тасымалдануына жол берілмеді. Қару мен оқ-жарақты өткізудің 66 әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз миграцияның төрт арнасы бейтараптандырылып, бұл қылмысқа қатысы бар алты адам ұсталды, — делінген хабарламада.

Ұсталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.