Басты бетЖаңалықтарПрезидент төрағалығымен...

Президент төрағалығымен еліміздің дамуы жөнінде кеңес басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес басталды.

Үкімет үйінде өтіп жатқан жиынға премьер-министр, парламент палаталарының спикерлері, президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, сенат пен мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысып жатыр.