Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуы жөнінде кеңес өткізеді

Мемлекет басшысының төрағалығымен 19 сәуір күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға премьер-министр, парламент палаталарының спикерлері, президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, сенат пен мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады.