Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар 449-454 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449-454 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449-453 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 450-454 теңге аралығында құбылып тұр.

18 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 43 теңгеге өсіп, 451, 08 теңге болған.

Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 451,00 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,53 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45–5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,47-5,57 теңгеден сатылып жатыр.