Ұлттық банк доллар мен рубльдің 18 сәуірге арналған бағамын белгіледі.
1 доллар құны – 448, 41 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,52 теңге.
17 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 69 теңгеге төмендеп, 448, 65 теңге болған. Ресей валютасы 5,50 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447 – 451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448– 452 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,45 – 5,65 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,42 – 5,52 теңгеден саудаланып жатыр.