Жаңаөзендегі жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңаөзендегі жарылыс орнында ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр, жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық зардап шеккендер үйінді астынан шығарылды.

17 сәуірде сағат 4:05 шамасында Жаңаөзен қаласы Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан 2-қабатты үйде газдың тарауы салдарынан жарылыс болды. ​Осы факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша ТЖД-мен бірге қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — делінген хабарламада.

​Аталған іс бойынша облыс прокуратурасымен процестік прокурорлар тобы айқындалып, облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттері басшыларының бірлексен бұйрығы негізінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Оқиға орнында ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр, жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, 17 сәуірде таңғы сағат бес шамасында Жаңаөзендегі 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды.

Жарылыстан қаза болғандар саны төрт адамға жетті.