Жаңаөзенде жарылыстан қаза болғандар саны төрт адамға жетті

Жаңаөзенде жарылыстан қаза болғандар саны төрт адамға жетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды тірідей алып шықты. Олар ер адам, әйел және бала. Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінді астынан төрт адамның денесі мен үш адамды тірідей шығарды, — делінген хабарламада.

Құтқарылғандар мен медицина көмегіне жүгінгендерді қосқанда барлығы сегіз адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді тазарту жұмыстарына 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушылардың ішінде кинологтар, ұлттық ұлан сарбаздары, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер бар, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 сәуірде таңғы сағат бес шамасында Жаңаөзендегі 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды.