Жаңаөзенде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

Жаңаөзенде тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шекті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат бес шамасында Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт болған жоқ, — делінген хабарламада.

Жарылыстан зардап шеккен 11 адам ауруханаға түсті.

Қалалық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, бірінің 80%, екіншісінің 50% денесін күйік шалған. Басқа адамдардың жағдайы қанағаттанарлық.