Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Республикалық тас жолдардың 15 учаскесінде қозғалыс шектелді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. 14 сәуірден бастап жолшылар шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, — делінген хабарламада.

Республикалық желіде 500 бірлік арнайы жұмыс істеп жатыр.

Кейінгі тәулікте қар құрсауынан 65 көлік шығарылды.

Мақалаға реакция