«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17 сәуірде ауа райы нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Астанада түнде және таңертең бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр болады. Таулы аудандарда кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Желдің күші кей уақытта 24-29 м/с жетеді.
Алматыда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, батысында тұман болады. Желдің екпіні түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында үш градус үсік болуы мүмкін.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады, оңтүстік пен шығыста 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай, бұршақ болжанады. Желдің жылдамдығы кей уақыттарда 23-28 м/с артады.
Абай облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болуы ықтимал. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Таңертен және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болуы мүмкін. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр, жылбысқы қар түрінде қатты жауын болады. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.
Түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде үш градус үсік болуы мүмкін.
Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.