Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 15 триллион теңгеден асты

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
Биыл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылар жинағының жалпы сомасы 15,1 триллион теңгеге жетті.

Ranking.kz порталының дерегінше, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі бірден 11,4%-ке немесе 1,5 триллион теңгеге өсті. Көрсеткіштің өсуі жарналар түріндегі кіріс ағындары, сонымен қатар инвестициялық кіріс есебінен қалыптасты.

  • Міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақ көлемі 11,1%-ке артып, 14,7 триллион теңгеге жетті. Бұл қазақстандықтардың барлық жинақтарының 97%-і.
  • Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары бір жылда 21%-ке артып, 466,4 миллиард теңгеге жетті.

Өңірлер бойынша зейнетақы жинақтарының ең көп мөлшері Алматыда — 2,8 триллион теңге немесе республикадағы жалпы көлемнің 18,5%-і. Одан кейін Астана — 1,4 триллион теңге. Үздік үштікті Қарағанды облысы түйіндеді — 1,2 триллион теңге.

Зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша көш бастаған бес аймаққа Шымкент қаласы (1,2 триллион теңге) мен Шығыс Қазақстан облысы (832,5 миллиард теңге) да кірді.

Мақалаға реакция