Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 миллиард теңге.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2 миллион 292 мың зейнеткер бар.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері — 120 992 теңге. Соның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 089 теңге, базалық зейнетақы – 37 903 теңге, — делінген хабарламада.

2018 жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз, сонымен қоса мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-не тең болады. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 100% белгіленеді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Алматының бірнеше шағынауданы суық судан ажыратылады

Алматының бірнеше шағынауданы бір күнге суық судан ажыратылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Доллар 443-448 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-448 теңгеден саудаланып жатыр.

БҚО-да 6,0 млрд теңгеге 4 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарлануда

БҚО-да 6,0 млрд теңгеге 4 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев баяндап өтті.

Атырауда жалған нөмір таққан көліктің 86 айыппұлы бар болып шықты

Атыраулық жүргізуші 86 айыппұлы төленбеген, мемлекеттік белгісі жалған көлікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Үкіметте газ саласын дамытудың мәселелері қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.