Басты бетЖаңалықтарЖаңаөзенде бір...

Жаңаөзенде бір топ адам жолды жауып тастады

12 сәуір күні таңертең Жаңаөзенде бір топ адам қала тұрғындарының көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастады. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оларды профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына жеткізді. Мұндай іс-әрекет ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтың 614-бабы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша шара қолдануға және ол 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілікке әкеп соғады, — деді полиция қызметкерлері.

24 адам осындай заңсыз әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізгеннен кейін үйіне жіберілді.

Еске салайық, Астанада энергетика министрлігінің алдында наразылық акциясын өткізген мұнайшылар ұсталғаннан кейін Жаңаөзенде мыңдаған адам орталық алаңға шықты. Ұсталған жұмысшылар босатылды. Көбісі пойызбен үйіне жіберілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мәліметінше, мұнайшылардың атынан он адам қалды. Олар келіссөзді жалғастырады.