Басты бетЖаңалықтарҮкіметтік қарызға...

Үкіметтік қарызға қызмет көрсету шығындары артады

2023 жылдың нақтыланған бюджеті бойынша үкіметтік қарызға қызмет көрсету шығындары артады.

Бұл туралы қаржы министрлігінің 2023 жылғы нақтыланған бюджеті туралы құжатында жазылған.

2023 жылдың түзетілген бюджеті бойынша үкіметтік қарыздарға қызмет көрсету шығыны 1 триллион 759 миллиард 17,7 миллион теңге болған еді. Соңғы нақтылау кезінде қосымша 83 миллиард 707,5 миллион теңге көзделіп отыр. Осылайша, 2023 жылдың нақтылған бюджет жобасында үкіметтік қарыздарға қызмет көрсету шығыны 1 триллион 842 миллиард 725,2 миллион теңге болатыны жазылған.

2021 жылдан бері үкіметтік қарыздарға қызмет көрсету шығыны тоқтаусыз өсіп келеді. 2021 жылы қаржы министрлігі бұл мақсатқа 977 миллиард 714,7 миллион теңге бөлсе, 2022 жылы 1 триллион 297 миллиард 405,8 миллион теңге жұмсаған. Ал 2024 жылы 1 триллион 965 миллиард 417,7 миллион теңге, 2025 жылы 2 триллион 164 миллиард 811,2 миллион теңге бөлу жоспарланған, — делінген хабарламада.