Әнуар Жұмаділдаев қаржы министрлігі қазынашылық комитеті төрағасы қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті төрағасы қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Әр жылдары қаржы бақылау комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.

2020 жылы шілде айында қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.