Басты бетЖаңалықтарАтырауда 400-ге...

Атырауда 400-ге жуық адам наразылыққа шықты

Бүгін, 9 сәуірде Атырауда алғаш рет экологияға арналған рұқсат етілген наразылық өтті. Бұл туралы «Ақ Жайық» пен AtyrauPress басылымдары хабарлады.

«Мұнайшы» стадионының алдына 400-ге жуық адам жиналып, қаланың экологиялық мәселесіне назар аударды. Наразылыққа қатысушылардың көпшілігі жастар. Олардың қолдарында «Өкпеге ауа жетпейді», «Тыныс алатын ештеңе жоқ», «Атырау демал», «Экология пайдадан қымбат», «Біз Қазақстан Республикасы экологиялық кодексінің 198-бабының орындалуын талап етеміз» деген жазулар болды.

Акцияға қатысушылардың арасында журналистер мен қала белсенділері де бар.

Еске салайық, 2 сәуірде Атырау облысы Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді. Төрт күнге созылған өрт 6 сәуірде сағат 21:30-да сөндірілді.