Димаш Құдайберген тоғызыншы кезеңінде All by Myself әнін орындайды

Бұл туралы Sina weibo әлеуметтік желілерінде xабарланды.

All by Myself әні — Эрик Карменнің 1975 жылғы туындысы. Оны канадалық әнші Селин Дион 1996 жылы орындап, әлемдік хитқа айналдырған.

Еске сала кетейік, Димаш байқаудың төрт айналымын (сегіз кезең) артта қалдырып, өз жолын жалғастырып келеді. Ал бұл күнде бастапқы жеті әншіден тек үшеуі ғана қалды. Төртінші айналымда (жетінші және сегізінші кезең) Димаш «Даидидау» әнімен үшінші орын, қытайша «Таң атты» әнімен бесінші орынды иеленді. Төртінші айналымның қорытындысы бойынша Димаш бесінші орынды қанағат тұтып, келесі айналымға жолдама алған еді.

ДереккөзInform.kz