Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, Алматы маңындағы тау беткейлерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

ТЖД көшкін қаупі туралы № 13 ескерту негізінде: 2023 жылғы 5-7 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға барудан бас тартқан дұрыс, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты Аюсай шатқалындағы сарқырамаға адамдардың өтуіне жол бермеу үшін Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері арасынан Аюсай бөгеті алдына пост орнатылды.

Мақалаға реакция