Басты бетЖаңалықтарАлматы маңында...

Алматы маңында 4,8 балдық жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 5 сәуір күні таңғы сағат 7:37-де жер сілкінісін тіркеді.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 557 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,4. MPV магнитудасы — 4,8. Эпицентр координаттары — 40,72° солтүстікке қарай, 82,74° шығысқа қарай. Тереңдігі — бес шақырым. Сезілгені туралы ақпарат жоқ, — делінген хабарламада.