Басты бетЖаңалықтарАлматыға жақын...

Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуір сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 286 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,0. MPV магнитудасы — 4,3. Эпицентр координаттары — 40,65° солтүстікке қарай, 77,33° шығысқа қарай. Тереңдігі — 5 шақырым, — делінген хабарламада.