TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды

TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.
Алматының екі тұрғыны әлеуметтік желіде ақша алу және ұтыстарды банк аударымдары арқылы онлайн құмар ойын ұйымдастырған.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде төрт айда 13 миллион теңгеге жуық пайда тапқаны дәлелденді. Олар кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу бойынша құқық бұзушылық жасаған төрт тұлғаға қатысты істі қарап жатыр.