Мереке күнге арналған ауа райы болжамы

Халықаралық әйелдер күні солтүстік аймақтарда, атмосфералық фронттың өтуіне байланысты күн райы бұлтты, кей жерлерде кар жауып, температура төмендейді.

Ауа температурасы климаттық нормадан 3-5ºС жоғары болады.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс-Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысында да түнде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында көктайғақ болады, күндіз  жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

 

ДереккөзBaq.kz