8 наурызда ұстаздарға гүл сыйлауға тыйым салынғаны рас па?

Соңғы кезде әлеуметтік желі қолданушылары 8 наурыз мерекесінде ұстаздарға гүл сыйлауға тыйым салынғанын жарыса жазып жатыр. Алайда Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева бұл хабарламаны жоққа шығарды.

Қағазбастылық
Көрнекі сурет

“Қазіргі уақытта ата-аналар тарапынан көптеген сұрақ мен қоңырау түсіп жатыр, сайтымызға жазып жатыр. Мұғалімдерге мереке қарсаңында гүл сыйлауға тыйым салынды деген жарлық болған емес, болмайды да. Министрліктің тарапынан мұндай тыйым салу болған емес. Мұны ресми түрде айтамыз”, – деді Эльмира Суханбердиева.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!