Басты бетЖаңалықтарБолат Назарбаев...

Болат Назарбаев зауыт акциясын мемлекетке қайтарады

Сот Болат Назарбаевты «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ акцияларының 31,9%-ін мемлекетке қайтаруға міндеттеді.

2023 жылғы 2 наурызда жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Болат Назарбаевтың 2007 жылы сатып алған «Алматы ауыр машина жасау зауытындағы» 31,9% акциясын мемлекетке қайтаруы керек деген шешім шығарды.

Болат Назарбаев пен «PLS-ТМ» ЖШС арасында жарғылық қордың 31,9%-іне тең «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның жай атаулы акцияларын сату бөлігінде жасалған 2009 жылғы 2 сәуірдегі бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Болат Назарбаев «АЗТМ» АҚ-ның жай атаулы акцияларын зауыттың жарғылық капиталының 31,9%-і мөлшерінде мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттелсін, — делінген қаулыда.