Қаржы министрі мемлекеттік қарызға қатысты пікір айтты

Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 32%-тен аспайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутат Шәкәрім Бұқтұғұтов 2022 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттік қарыз сомасы 21,9 триллион теңген болғанын, ал бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 25,3 триллион теңгеге дейін өскенін айтты.

Осы орайда ол Қазақстанның сыртқы қарыздары бойынша толыққанды аудит жүргізу және тартылған қаржының экономикалық тиімділігі жөнінде сұрақ қойды.

Мемлекеттік қарыз мәселесі үкіметтің тұрақты бақылауында. Әлемде инфляцияның деңгейі өте жоғары екені белгілі. Сондықтан базалық ставка да өскен. Бұл тұрғыда сырттан қаражат тарту немесе бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін іштен қарыз алу қымбатқа түседі. Әрине инфляция деңгейі төмендесе, базалық ставка азайса, бұл жүктеме біршама жеңілдейді, — деді Ерұлан Жамаубаев.

Соның қатар ол биыл еліміздегі бюджет кірісі өсетінін айтты.

Екіншіден, еліміздегі бюджет тапшылығын біртіндеп азайтамыз. Оның деңгейін биыл 2,7% шамасында қалдырдық, себебі оны өсіруге болмайды. Осы орайда оның сомасы 3,2 триллион теңге болды. Биылғы нақтылаудан кейін бюджеттің кіріс көзі тағы да 42%-ке өседі. Бұл тұрғыда салық әрі кедендік әкімшілендіру есебінен 720 миллиард теңге қосымша қарастырып отырмыз, — деді министр.