Қаржы министрі: Бюджеттің 101 миллиард теңгесі игерілмей қалған

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын уақтылы игермеген министрліктер мен өңірлерді айтты.

Мемлекеттік бюджеттің шығыны — 95,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыны – 96,5%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыны — 96,6%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 3,4 триллион теңге сомасына шығын жүргізілді. 123 миллиард теңге жұмсалмады, оның ішінде 22 миллиард теңге үнемделсе, 101 миллиард теңге игерілмей қалған, — деді министр үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, ең көп игерілмеген сома ішкi iстер, қаржы, ғылым және жоғары білім, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде байқалған.

Қаржы игерілмеуінің негізгі себептері: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасу; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақтылы өткізілмеуі; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы, — деді Ерұлан Жамаубаев.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 1,3 триллион теңге болған. Оның ішінде 45 миллиард теңге жұмсалмаған.

Биыл өңірлерге 1,2 триллион теңге нысаналы трансферт көзделген. Оларға 1 наурызға дейін 56 миллиард теңге бөлінген. Оның 80,1%-і игерілген, 11 миллиард теңге игерілмеді. Астана мен Алматы қалаларында, Павлодар мен Абай облыстарында қаржы ең көп игерілмеген. Оның негізгі себептері — қадағалау органдарының нұсқамалары, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, — деді қаржы министрі.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда құны 6 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Алматыда әскери прокурорлар құны 6 миллиард теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Коронавирус жұқтырғандар статистикасы. 26 наурыз

Елімізде кейінгі тәулікте 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қанша?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 наурызға арналған бағамын белгіледі.

Президент: Ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерді сынға алды

Мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде үкімет мүшелерінің жұмысын сынға алды.

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.