Бұрынғы министр Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды. Ол QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі болды.

Бұл ақпаратты ҚР кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова Facebook парақшасында жариялады.

Гүлмира Қаракөзова QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағының қатары жаңа қызметкермен толыққанын айтты.

QazMed Республикалық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әлиакпар Мәтішев әріптестерін қарсы ала отырып, медициналық қызметкерлер әлеуметтік әріптестікті дамытуда орасан зор тәжірибесі бар Елжан Біртановтан үлкен үміт күтетінін айтып өтті, – деп жазды Гүлмира Қаракөзова.

10 ақпанда апелляциялық сот Біртанов пен Әбішевтің үкімін өзгеріссіз қалдырды.

29 желтоқсанда Астана соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша сот тергеуін қайта қозғау туралы адвокаттардың өтініштерін қанағаттандырмады.