Экс-министр Елжан Біртановтың үкімі өзгеріссіз қалды

2022 жылдың қазан айында сот экс-министр Елжан Біртановқа қатысты үкім шығарды. Ол денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру процесінде өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қараша айында бұрынғы министрдің адвокаттары үкімге апелляциялық шағым түсірген болатын.

Жұма күні қалалық соттың апелляциялық алқасы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды. Үкімге бір жыл ішінде шағымдануға болады.

Сонымен қатар сот экс-министр Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтен денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1,35 миллиард теңге өндіруге міндеттеді.