Әлібек Қуантыров биыл пайдалануға берілген пәтерлер санын айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері қанша пәтер пайдалануға берілгенін айтты.

Министрлік мәліметінше, биыл қаңтар-ақпанда 2,1 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,2%-ке артық.

Оның айтуынша, Жетісу облысынан басқа барлық өңірде оң динамика тіркелген. Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ең жоғары өсім Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сонымен қатар Абай облысында байқалады. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері — Алматы мен Шымкентте, сонымен қатар Маңғыстау мен Атырау облыстарында.

2022 жылы Қазақстанда 130 686 пәтер пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,6%-ке аз.