Алматы жылу желілерінің басшылығы пара алғаны үшін сотталды

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен «Алматы жылу желілері» ЖШС-дағы бірқатар лауазымды тұлға пара алғаны үшін сотталды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Сот үкімімен пара алғаны үшін «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры К.Бейсенбиновке 560 миллион теңге, бас инженер Д.Қазымбетовке 560 миллион теңге, күрделі құрылыс басқармасының басшысы С.Джингильбаевқа 560 миллион теңге, пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б.Разимбековке 400 миллион теңге айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 миллиард 80 миллион теңге болды. Бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең, — деп жазылған хабарламада.

«Алматы жылу желілері» ЖШС лауазымды тұлғалары Алматыда жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерді сынға алды

Мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде үкімет мүшелерінің жұмысын сынға алды.

Президент шахматшы Динара Сәдуақасованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жеңіс Қасымбек: LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы үкіметке жоғары баға берді

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің жалпы отырысында үкіметтің атқарған жұмысына жоғары баға берді.

«Ақ жол» партиясының мәжілістегі депутаттары анықталды

27 наурызда «Ақ жол» демократиялық партиясының ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда парламент мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді.

ОСК мәжілісті сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісін сайлаудың түпкілікті қорытындысын шығарды.