Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты үкім шығарды.

Бұл туралы Baigenews.kz сайты хабарлады.

М.Бектанов қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы үкімі бойынша сотталды, оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, — делінді сотта.

Сот іс «құпия» белгісімен қаралғанына сілтеме жасап, толық мәлімет бермеді.