Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 20 маусымға дейін тұтқында болады. Қамауда ұстау мерзімі Алматының ауданаралық тергеу сотының шешімімен тағы бір айға ұзартылды. Тұтқында ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 13 мамырда қабылданған болатын, — деді Алматы қалалық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Естеріңізге сала кетсек, 9 қаңтар күні Мұрат Бектанов ҚР қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.

2022 жылғы 19 ақпанда ҚР бас прокуратурасы Мұрат Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын.