Аркадий Клебанов (Маневич) — энергетика және басқа салалардағы кәсіпорындарға иелік ететін олигарх Александр Клебановтың жиені. Оның әкесі Сергей Маневичке Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевпен және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевпен бірге мемлекеттік төңкеріс жасады деген айып тағылған, — деп жазды портал.
Порталдың жазуынша, Аркадий Клебановты БАҚ-тан кек алуға не түрткі болғаны белгісіз. Интернетте ол туралы жарияланымдар жоқтың қасы, ал оның әкесі туралы негізінен мемлекеттік төңкеріске қатысты қылмыстық іс аясында жазылған және осы тақырыптағы соңғы жарияланымдар он жылдан астам уақыт бұрын жарияланған.
Айта кетейік, кейінгі кезде елімізде журналистерге шабуыл көбейді.
Журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылға қатысты 18 адам ұсталды.
Арандатушылық шабуылдардың тікелей ұйымдастырушысы — шетел азаматы, білікті хакер О.Токарев Алматыда ұсталған еді. Содан кейін О.Токаревтің сыбайластары анықталды. Журналистерге шабуыл ұйымдастырған және бастамашы болған Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды.