Журналистерге шабуылды кім ұйымдастырғаны анықталды

Журналистерге шабуыл ұйымдастырған және бастамашы болған Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

ІІМ мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич ұсталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115-ші “Қауіп-қатер”, 147-ші “Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу”, 158-ші “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202-ші “Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру” және 293-ші “Бұзақылық” баптары қарастыратын айып тағылды, — делінген хабарламада.

Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады. Жауап алу барысында барлық шабуылды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені жеке себептер мен бірқатар қазақстандық танымал БАҚ өкіліне бұрынғы талаптарының болғанын мәлімдеді.

Клебанов-Маневич құқыққа қайшы жоспарын іске асыру үшін хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдаған. Арандату мақсаты мен нұсқасын өз бетінше таңдаған. Орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырған.

Тергеу жалғасып жатыр, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Еске салайық, елімізде журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылға қатысты 18 адам ұсталды.

Арандатушылық шабуылдардың тікелей ұйымдастырушысы — шетел азаматы, білікті хакер О.Токарев Алматыда ұсталған еді. Содан кейін О.Токаревтің сыбайластары анықталды.
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мәжілісті сайлау: алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды

Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда кезектен тыс мәжілісті сайлаудың алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды. 

Алматыдан Бакуге тікелей авиарейс қатынай бастады

Алматы мен Әзербайжан астанасы Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Авиарейс ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және белсенді араласуымен іске қосылды.

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша мәжіліске алты партия өтті

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісін сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады.  

Президент Ұлыбританияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

ҰҚК: Ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 мүшесі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш қалада арнайы операция жүргізді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

БҚО-да су тасқынынан кейін 275 адам үйіне оралды

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы мен бес ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.