Еліміздің үш өңірінде табиғи газ желілері жоқ

Биыл елдегі газдандыру деңгейі 59%-ке жетті. Яғни 11,6 миллион адам табиғи газға қосылды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 57,67% болған еді. 2017-2021 жылдар аралығында 9 123,7 километр газ желісі салынды, — деп көрсетілген құжатта.

Министрліктің мәліметінше, қазір еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері мен Қостанай облысының тұрғындары ғана газбен толық қамтылған.

Газ желісіне Астана қаласын, Ақмола және Қарағанды облыстарын қосу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл 2030 жылға қарай осы өңірлердің үй шаруашылықтарына көмірден табиғи газға көшуге мүмкіндік береді. Газ желілеріне Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары қол жеткізе алмай отыр. Олар жетілдірілген көмір қазандықтарын пайдалануын жалғастырады, — делінген құжатта.

Құжатты ашық талқылау 15 наурызға дейін жалғасады.