Елімізде табиғи газ өндірісі төмендеді

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 миллион/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% төмен. Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 миллион/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9% аз.

Айта кетейік, Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.