Қазақ халқы жыл басы саналған Наурыз мейрамына жіті мән берген. Бұл күні ағаш еккен, бұлақ көзін ашқан, той-думан өткізген, дастарқан жайып бір-бірін қонақ қылған, ренжіскендер татуласқан. Оған қоса жақындарын қуантуды да ұмытпай, сый тарту етуді дәстүрге айналдырды. Қазақта сыйлық беруге қатысты қандай салт бар? Наурыз мейрамында қазақтар бір-біріне не сыйлаған? Қазір оны немен алмастыруға болады? Baribar редакциясы Jusan-мен бірге дәстүрді шолып, жақын адамға беруге әрі Jusan Дүкеннен 24 айға бөліп төлеуге болатын сыйлықтар топтамасын ұсынады.

«Селтеткізер»: қыз-келіншектерге сый

Наурыз мейрамын қыз-жігіттер асыға күткен, өйткені олар сауық-сайран құрып, ақсүйек ойнап, күнді көңілді өткізген. Дәл осы уақытта жігіттер өзі ұнатқан қыздың көңлін табу үшін шолпы, алқа, сақина сияқты түрлі әшекей-бұйымды сыйға тартқан. Көздің жауын алатын бұйымды алған қыздардың жүрегі «селт еткен» деседі. Осыдан «Селтеткізер» дәстүрі қалыптасқан.

наурыз
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Кейінгі кезде қыздар қазақы нақыштағы әшекейді заманауи киіммен үйлестіруді сәнге айналдырды: белдемшемен де, джинсымен де, футболкамен де қазақша тақия киіп, сырға, алқа тағып жүр. Сол себепті «селтеткізер» дәстүрін қайта жаңғыртып, жігіттер сүйіктісіне, ұнатқан қызына келе жатқан 22 наурыз мерекесіне орай әшекей-бұйым сыйлауына болады.

Сонымен бірге айна, орамал, иіссу, косметика — Наурыз мейрамында қыз-келіншектер мен аналарға таптырмас сый.

наурыз
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

«Ұйқыашар»: ер азаматтарға сый

«Селтеткізер» сыйын алған қыздар жігіттерге алғыс ретінде дәмді ас әзірлеп берген. Мұны «Ұйқыашар» деп атаған. Дегенмен «Ұйқыашардың» тағы бір мағынасы бар: Наурыз тойында қыздар жігіттердің ұйқысын ашу үшін соғымның соңғы етін тәтті уызға салып, қазақтың ұлттық тағамын дайындап берген деседі. Енді біреулері жылқының майы мен құйрық-бауырын араластырып та ұсынған. Ал кейбір бойжеткен ұйқыашарға тостағанға бұлақтың таза суын не қымыз құйып әкелген екен.

Шынымен-ақ, дәмді асты кез келген жігіт ұнататыны рас. Дегенмен сүйікті адамыңызға үнемі ас әзірлеуге мүмкіндігіңіз болмаса, тамақты тез әрі оңай жасауға көмектесетін түрлі техника құралын сыйлауыңызға болады. Мысалы, жігіттерге кез келген тамақты әзірлеуге көмектесетін мультипісіргіш, қысқа толқынды пеш алуға кеңес береміз.

Оған қоса жігіттерге сағат, белдік, сақина сияқты сәнді бұйымдарды да сыйлауға болады.

наурыз
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

«Белкөтерер»: қарттарға сый

Белкөтерер — адамға күш-қуат беретін нәрлі ас. Бұрын адамдар наурыз тойында ауыл қарттарын да ұмытпай, оларға қазы, құрт, май, ет, бауырсақ сияқты ең дәмді әрі жұмсақ тағамды апарған. Риза болған қариялар жастарға алғыс айтып, бата берген.

Ал бүгінде ата-әжемізге не сыйлауға болады? Қазір көпшілік құнарлы асты күнделікті ішіп жүргендіктен сыйлық ретінде басқа қажет заттар беруді ұсынамыз. Мәселен, егде жастағы кісілер диванға жайғасып, сүйікті сериалын көргісі келеді. Осыны ескеріп, оларға экраны үлкен, бейнесі анық теледидар, мамықтай жұмсақ әрі ыңғайлы диван сыйлауға болады.

наурыз
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Балаға сый

Қазақ халқы бала дүниеге келгеннен бастап сый-сыяпат берген. Наурыз мейрамында да баланың қалтасы асыққа, қолы тәттіге толған. Сонымен бірге домбыра, қамшы сыйлап, қазақы дәстүрді дәріптеуге тырысатын.

Мейрам қарсаңында кішкентайларға ойыншық, ойлауды дамытатын үстел ойынын, өнерге жақын балаға түрлі ұлттық аспап, микрофон, спортқа жақын балаға велосипед, коньки, ролик сияқты спорт заттарын сыйлаған абзал. Сонымен бірге смартфон, планшет, құлаққап сияқты пайдалы әрі қажет заттарды да сыйлауға кеңес береміз. Бала смартфоннан, планшеттен сабақ оқиды, ата-анасына хабарласады, ал бос уақытында ойын ойнап, видео көре алады.

наурыз
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Әрине, мерекеде жақындарымызға сыйлық алуға біраз қаражат керек екені рас. Дегенмен қазір сый сатып алудың түрлі тиімді әдісі бар. Мысалы, Jusan Дүкен 27 ақпаннан 12 наурызға дейін 0-0-24 акциясын өткізеді. Осы күн аралығы дүкеннің кез келген санатындағы тауарды сатып алып, 24 айға дейін бөліп төлеуге болады.

Мысалы, Наурыз мейрамына балаңызға шамамен 150 000 теңге тұратын смартфон алып бергіңіз келеді, бірақ ақшаңыз жетпей тұр делік. Мұндай кезде Jusan Дүкеннің сайтына кіріп, осы сомадағы смартфонды таңдап, ай сайын небәрі 6 250 теңгеден 24 айға бөліп төлеуіңізге болады. Сыйлық алған адам да қуанып қалады, сыйлық берген жанға да қаржылай салмақ түспейді.

Жақын адамыңызға сіз сыйлық берсеңіз, Jusan Дүкен сізге сый ұсынады: бағасы 50 000 теңгеге дейінгі барлық тауарды Jusan картасымен немесе бөліп төлесеңіз, 10% бонус беріледі. Оған қоса Jusan Дүкенде сізді 1 000 000-нан астам тауар мен қызмет, 3 500-ден астам санат, 3 000-нан астам серіктес дүкен күтеді. Наурыз мейрамында жақындарыңызды Jusan-мен бірге қуантыңыз!

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.