АҚШ мемлекеттік хатшысы Астанаға ұшып келді

Бұл туралы Twitter-де мемлекеттік хатшымен бірге ұшқан журналистер мәлімдеді. БАҚ өкілдері Астанада ауа райының салқын екенін айтты.

АҚШ мемлекеттік департаменті пулының журналисі Иэн Марлоудың Twitter-дегі парақшасына жазуынша, ұшақ Астанаға түнде қонды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 27 ақпанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы әуежайдан түсірілген сурет жариялап, сонымен қатар Энтони Джон Блинкен Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға сапарлайтынын жазды.