Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді

Фото: Reuters.com

28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды.

Астанаға сапары барысында мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР премьер-министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді, — делінген хабарламада.

Сол күні Астанада Энтони Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.

Мақалаға реакция